Active Directory сауалнамасы

Барлығын жаю | Барлығын жию

Active Directory қолдансаңыз, Active Directory сауалнамасын қолданыңыз; не болмаса, сауалнамалардың басқа түрлерін қолдану ұсынылады. Active Directory қолдансаңыз, бірақ бөлек желілік құрылғылар оның мүшелері болмаса, бұл құрылғыларды Active Directory сауалнамасы барысында анықтау мүмкін болмайды.

Желіде сауалнама өткізуді бастамас бұрын SMB протоколының қосылғанына көз жеткізіңіз. Әйтпесе, Kaspersky Security Center бағдарламасы сауалнама өткізілетін желідегі құрылғыларды анықтай алмайды. SMB протоколын қосу үшін операциялық жүйеге арналған нұсқауларды орындаңыз.

Active Directory сауалнамасының параметрлерін көру және өзгерту

Active Directory топтары сауалнамасының параметрлерін көру және өзгерту үшін:

  1. Құрылғыны табу қалтасындағы консоль шежіресінен Active Directory салынған қалтасын таңдаңыз.

    Сондай-ақ, сіз Қазір сауалнама өткізу түймесі арқылы Тағайындалмаған құрылғылар қалтасынан Құрылғыны табу қалтасына ауыса аласыз.

  2. Сауалнама параметрлерін конфигурациялау түймесін басыңыз.

    Нәтижесінде, Active Directory сипаттары терезесі ашылады. Қажет болса, Active Directory топтары сауалнамасының параметрлерін конфигурациялаңыз:

    • Active Directory сауалнамасын қосу
    • Сауалнама кестесін орнату
    • Кеңейтілген

Желіде сауалнама өткізуді бірден іске қосу қажет болса, Қазір сауалнама өткізу түймесін басыңыз.

Виртуалды Басқару серверінде Active Directory топтары сауалнамасы параметрлерін қарау және өзгерту әрекеттері тарату нүктесінің сипаттары терезесінде, Құрылғыны табу бөлімінде жүзеге асырылады.

Сондай-ақ, қараңыз:

Сценарий: Желілік құрылғыларды табу

Басына оралу